Бразилия шетелдік туристерді бақылауды күшейтті

Бразилия шетелдік туристерді бақылауды күшейтті

Бразилия әлемде омикрон штамының таралуына байланысты шетелдік туристерді бақылауды қатаңдатты.

Ертеңнен бастап осы елге келген вакцина салдырмаған туристер 5 күн карантинге жабылады. Содан кейін ПТР-тест тапсырады. Бұған дейін туристер тек Бразилияға ұшар алдында ПТР-тест тапсырып, оның нәтижесін осы елдің реттеуші органына тапсыруы тиіс болатын.

Эдуардо Паес, Рио-де-Жанейро қаласының мэрі:

- Біз елге келетін қонақтардан тек вакцина салдыруын сұраймыз. Шетелдіктер мейрамхана, дәмхана және қонақүйлерде ковид-төқұжаттың талап етілетінін ұмытпауы тиіс.