Джулиан Ассанж АҚШ-қа экстрадицияланады

Джулиан Ассанж АҚШ-қа экстрадицияланады, деп хабарлайды Хабар 24. Тиісті шешімге Англия мен Уэльстің аппеляциялық соты рұқсат берді.

Журналист «америкалықтардың мемлекеттік құпиясын жария етіп, лаңкестікке қарсы заңды бұзды» деп айыпталып отыр. Бұл үшін 175 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ассанж құрған «Викиликс» ұйымы АҚШ саясаткерлерінің жеморлық былығын растайтын құпия материалдарды жариялап отырған.

Америкалықтар журналисті экстрадициялау туралы мәселені көтеріп келеді. Алайда биыл қаңтарда өткен сот оған тыйым салды. Өйткені Джулиан Ассанж АҚШ-та тәртібі күшейтілген түрмеде отырса, күйзелістен өзіне-өзі қол жұмсауы ықтимал деген күдік болған. Бұл жолы аппеляциялық сот америкалықтардың дәлелдерін қабылдап, өзіне-өзі қол салу мүмкіндігін жоққа шығарды.