«Ғалам аруы-2021» байқауының жеңімпазы белгілі болды

«Ғалам аруы-2021» байқауының жеңімпазы белгілі болды
CentralAsia

Үндістандық Харназ Сандху «Ғалам аруы» байқауында жеңімпаз атанды.

Эйлат қаласында өткен іс-шараның онлайн көрсетілімі байқаудың YouTube-арнасында жүргізілді.

Финалға 10 қатысушы өтіп, олардың бесеуі ғана әділқазылар алқасының сауалдарына жауап беруге мүмкіндік алды. Осы кезең сүрінбей өткен Үндістан, Парагвай, ОАР өкілдері арнайы тақырыптарға арнап сөз сөйледі.

Қатысушыларға бүгінгі заман қысымына тап болған қыздарға кеңес айту ұсынылды. Жеңімпаз өз-өзіне сенім, өзіңді өзгелермен салыстырмау және әлемде болып жатқан жайттарға бейжай қарамау керектігін тілге тиек етті. 

Осымен 70-рет ұйымдастырылып отырған сұлулық байқауында 80 елдің арулары бақ сынады.