Филиппиндегі тайфуннан қаза тапқандардың саны 75-ке жетті   

Филиппиндегі тайфуннан қаза тапқандардың саны 75-ке жетті   

Филиппинде «Рай» тайфунынан қаза тапқандар саны 75-ке жетті. Оның 49-ы БохОль Артур Яп провинциясында ажал құшты. Тағы оннан астам адам із-түзсіз жоғалған. 13 тұрғын түрлі жарақат алды.

Мамандардың айтуынша, марқұмдардың қатары әлі де өсуі мүмкін. Өйткені апаттан жол қатынасы қиындаған 20-дан астам аймақтарға құтқарушылар жете алмай отыр.

Билік құтқару жұмыстарына әскер, жағажай күзеті мен өрт сөндірушілерді жұмылдырды. Сонымен қатар гуманитарлық көмек тиелген Филиппиннің әскери теңіз күштерінің кемесі тайфун ойран салған аралдарға жөнелтілді.

Қазір желдің жылдамдығы кей өңірлерде сағатына 195 шақырымға дейін жетеді. Синоптиктер алдағы 36 сағат бойы желдің екпіні бәсеңдемейді деп болжап отыр.