Филиппиндегі жойқын дауылдан кейін 50 адам табылмай жатыр

Филиппиндегі жойқын дауылдан кейін 50 адам табылмай жатыр

Филиппиндегі дүлей дауыл құрбандарының саны артып, 170-ке таяды, деп хабарлайды Хабар 24.

100-ден аса тұрғын жарақат алған. Тағы 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Билік құрбандар саны әлі де артуы мүмкін деп қауіптенеді. Өйткені кейбір өңірлермен байланыс орнату мүмкін болмай тұр. Жалпы Филиппинде жыл сайын 20 шақты тайфун ойран салады. Табиғат апатына байланысты 400 мың адам үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілген. Көп өңірді су басып, аймақтарға көмек жеткізу мәселесі қиындап тұр.

Мамандардың хабарлауынша, қазір «Рай» тропикалық дауылы Вьетнамға қарай бет алған.

Родриго Дутерте, Филиппин президенті:

– Мен тропикалық дауылдан жапа шеккен өңірлерге барып қайттым. Салдарын көріп отырмын. Тұрғындарға қажетті көмек көрсетіледі. Алайда биыл бюджет шектелген. Өйткені көп ақша коронавируспен күреске жұмсалды.