Нидерландтан шыққан туристер Бельгияға ағыла бастады

Омикрон штамы кең етек жайған Нидерландта билік локдаун жариялай салысымен аймақтағы туристер көрші Бельгияға ағыла бастады.

Голландиялықтар жаңа жылға арналған сыйлықтарды. Брюсселде сатып алуды көздейді. Қазір мерекелік жәрмеңкелер мен түрлі дүкендер еш өзгеріссіз жұмыс істеп тұр.

Бельгия билігі меймандардың көптеп келуі аймақтағы эпидахуалдың нашарлауына әкеп соғуы мүмкін деп дабыл қақты.

Қазір Нидерланд пен Бельгияда тұрғындарға жаппай бустерлік доза салу бастамасы қолға алына бастады.