Малайзияда су тасқынынан 21 000 адам эвакуацияланды

Малайзияда су тасқынынан 21 000 адам эвакуацияланды

Табиғи апаттан бірнеше штатта жүздеген баспана топан су астында қалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Малайзия тұрғындарын су тасқыны әуре сарсаңға салды. Көшедегі көліктерді су шайып кеткен. Қауіпті аймақтардан 21 мың тұрғынды өзге жерге көшіруге тура келді. Құтқару жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылды. Мамандар мұндай тасқын соңғы 30 жылда болмаған дейді. Қазір елдің 7 штатында жауын әлі де жауып тұр.