Әлемде зейнетақыны көп төлейтін елдер белгілі болды

Орташа жалақыға шаққанда ең жоғарғы зейнетақы Түркия, Жапония және Канада қарияларына тиесілі екен. Бұл сақтандыру компаниясы мамандарының зерттеу нәтижесі. Ал ең төменгі зейнетақыны Оңтүстік Корея, Сингапур және Чили зейнеткерлері алады. Ал Қазақстан зейнетақы көлемі бойынша тоғызыншы орыннан көрінген.

Ал зейнетке ерте шығу бойынша Түркия көш бастап тұр. Бұл елде ерлер 60, ал әйелдер 58 жастан зейнетке шығады. Ал бейнеттің зейнетін бәрінен кеш көретін АҚШ, Италия және Израиль азаматтары екен. Бұл елдерде зейнетке шығу жасы 67-ден басталады. Ал Ұлыбритания мен Австралия әйелдері 66 жастан бастап зейнеткер атанады.

Осы тұрғыда Оңтүстік Корея мен Сингапур еркектері ең көп жасайды екен. Олардың зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы 18 жылға дейін жететін көрінеді. Ал Қытай мен Оңтүстік Кореяның әйелдері 24-25 жас өмір сүреді. Бразилияның зейнет жасындағы еркектері алты жылдан артық өмір сүрмейді, - дейді сарапшылар. Сол секілді үнді әйелдері зейнетке шыққаннан кейін 12 жыл ғұмыр кешеді. 

БҰҰ дерегіне сүйенсек, қазір әлемде 60 жастан асқан 1 млрд адам өмір сүреді. Ұйымның болжауынша, 2050 жылға қарай олардың саны 1 жарым млрд-қа жетеді.

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨЛЕМІ

Ең жоғары зейнетақы

Түркия

Жапония

Канада

Ең төменгі зейнетақы

Оңтүстік Корея

Сингапур

Чили

Қазақстан - 9 орын

 

ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ ЖАСЫ

Ең ерте - Түркия

Ерлер - 60 жас

Әйелдер - 58 жас

Ең кеш - АҚШ, Италия, Израиль, Ұлыбритания  Австралия

Зейнетке шығу - 66-67 жас

 

КӨП ЖАСАЙТЫН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР

Оңтүстік Корея

Сингапур

Ерлер - 17-18 жыл

Қытай

Оңтүстік Корея

Әйелдер - 24-25 жыл

 

АЗ ЖАСАЙТЫН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР

Бразилия

Ерлер - 6 жыл

Үндістан

Әйелдер - 12 жыл

 

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР САНЫ

2021 жыл

60 жастан жоғары - 1 млрд

2019 жыл

60 жастан жоғары - 700 млн

2050 жыл

60 жастан жоғары - 1,5 млрд