434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытайда алты млн-ға жуық адам үйден шыға алмай қалды  

  • 125
  • UPD: 08:42, 12.01.2022
Қытайда алты млн-ға жуық адам үйден шыға алмай қалды  

Қытайдың Аньян қаласында 2 адам омикрон жұқтыру салдарынан бүкіл қаланы локдаунға жауып тастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Енді 5 жарым миллион тұрғын себепсіз үйден шыға алмайды. Көшеде көлік қозғалысы да шектелді. Тек ең қажетті тауарлар сататын дүкендер ғана ашық тұр. Қалғаны жұмыс істемейді.

Айта кеткен жөн, бұған дейін осы Аньян орналасқан Хэнань провинциясындағы тағы бір қала Тянь-цзиньде де жартылай локдаун жарияланған еді. Мұнда да тек 2 адамнан омикрон анықталған. 14 миллиондай тұрғыны бар шаһардағы барлық адам тест тапсыруға міндеттелді. Мұнда да жүріс-тұрыс пен көлік қозғалысы шектелді. Биліктің мұндай қатаң шаралар қабылдауы бекер емес. Өйткені келесі айда Бейжіңде қысқы олимпиада ойындары басталады.

Хабар 24 телеарнасы