COVID-19: Израильде балалар үйде отырып ПТР тест тапсырады

COVID-19: Израильде балалар үйде отырып ПТР тест тапсырады

Израиль балабақшалар мен мектептерді карантинге жаппайды. Балалар үйде отырып аптасына екі рет тест тапсырса жетеді.

Елде келесі аптадан бастап барлық тұрғынға тегін тест таратылады.

Нафтали Беннет, Израиль премьер-министрі:

– Балалардың барлығы мектеп қабырғасында білім алатын болады. Бұдан былай 18 жасқа толмағандар үй жағдайында тест тапсырады. Тест әр жексенбі және сәрсенбі күндеріне белгіленді. Ал ауырған балалар толық емделмейінше, үйлерінде отырады. Әр оқушыға тегін 3 тесттен беріледі. Жақын арада тест ата-аналарға да тегін таратылады.

МЕКТЕПТЕР 10 КҮНГЕ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Ал Алжирде мектептер керісінше 10 күнге карантинге жабылды. Бұған аймақтағы эпид ахуалдың ушығуы себеп. Ал, студенттердің қашықтан оқу-оқымауын жоғары оқу орнының әкімшілігі шешеді. Статисткаға сәйкес, Алжирде бір күнде тіркелген науқас саны 1400-ден асады. Күнде 10-нан астам адам көз жұмады. Десе де, мамандар елдің көбі дәрігерге көрінбегендіктен, вирус жұқтырғандар саны әлдеқайқа көп болуы мүмкін дейді.