Ганада жүк көлігі жарылып, 17 адам көз жұмды

Гананың Батыс облысында жүк көлігі жарылып, салдарынан кемінде 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды Ghana Web.

Таудағы жұмыстарға арналған жарылғыш заттары бар көлік мотоциклмен соқтығысқан.

Сол маңайдағы үйлер мен ғимараттар қираған.

Франс Пресс агенттігі 60 адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.