Данияда шектеу шаралары жеңілдейді

Данияда шектеу шаралары жеңілдейді

Данияда ақпанның 1-нен бастап коронавирусқа қатысты шектеулер жеңілдетіледі, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы ел премьер-министрі Метте Фредериксен мәлімдеді. Оның айтуынша, бұдан былай Корольдікте коронавирус әлеуметке қауіп төндіретін ауру түріне жатпайды. Санитарлық шектеулерден тек тестілеу мен елге кіргендер үшін карантин талаптары ғана өз күшінде қалады. Болжам бойынша бұл ережелер әлі 4 апта бойы сақталмақ.

Метте Фредериксен, Дания премьер-министрі:

– Бұған дейін енгізілген шектеу шаралары жеңілдейтін болады. Енді пандемияға дейінгі өмірімізге ораламыз. Әрине індетті толықтай жеңген жоқпыз. Десе де ең қиын кезең артта қалды.

Ал көрші Ресейде керісінше індет кең етек жайды. Науқастардың басым бөлігі омикрон жұқтырған. Вирустың бұл түрі елдің 72 ауданында анықталды.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соңғы тәулікте ел бойынша 74 мыңнан астам тұрғын ковидке шалдыққан. 657 науқас көз жұмды. Ең қиын ахуал Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласында тіркеліп отыр.