Ұлыбританияның үкімет басшысы қызметтен кетуден бас тартты

Ұлыбританияның үкімет басшысы қызметтен кетуден бас тартты

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Даунинг-стриттегі резиденциясында өткен сауық кештеріне қатысты қызметінен кетпейтін болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірақ үкімет басшысы бейресми кездесулер үшін парламент алдында тағы жауап берді. Оның айтуынша, қазір үкімет алдында корнавируспен күрес пен Украинадағы жағдай сынды бұдан да маңызды мәселелер тұр.

Еске сала кетейік, Борис Джонсонға қатысты жанжал өткен жылдың соңына таман пайда болған. Бірқатар басылымның жазуынша, Премьер кеңсесі 2020 жылдан бері карантин кездерінде сауық кештерін өткізген. Істі полиция тергей бастады.