Өзбекстанда жүргізушілер көлікке құяр газ таппай жүр

Өзбекстанда жүргізушілер көлікке құяр газ таппай жүр

Өзбекстан нарығында әлі газ тапшы. Тек Ташкентке ғана жеткізілді.

Қалған өңірлерде жағдай қиын. Көлік иелері тіпті бензинге ауысуға мәжбүр. Ал бұл қалтаға салмақ. АИ-80 маркалы бензин мұнда 6500 сом тұрады. Бұл біздің ақшаға шаққанда 260 теңге. Құзырлы министрлік зауыттарда өндірілген газ толығымен жылу электр орталықтарына беріліп жатқанын айтады. Ал тапшылық мәселесі бірер күнде шешіледі деп отыр. Алайда компрессорлық газ құю бекеттері сол күйі жабық. Қашан, қай күні іске қосылары белгісіз.

Мұрад Әбдірахимов, жол инспекторы:

- Көлік иелеріне түсіндіріп жатырмыз. Жағдай республика аумағында қиын. Тек сабыр сақтап, күту керек. Тіпті бірер күн автокөліксіз жүре тұруға үндейміз.