Таяу Шығыста кенеттен қар жауды

Таяу Шығыста кенеттен қар жауды

Таяу Шығыста қар жауды. Бұл аймақта өте сирек болатын құбылыс.

Бірақ қар жай жауып тұрған жоқ. Иорданияда  боран соғып, түк көрінбей қалды. Жолдарда қозғалыс толығымен тоқтаған. Қазір коммуналдық қызмет ел астанасы Амман көшелерін қардан тазартып жатыр. Иерусалимде де қар қалың түсіп, тұрғындарды әбіргерге салды. Жергілікті мектептер жабылып, кәсіпорындар қызметін тоқтатты.