Коронавирус қант диабетіне шалдығу қаупін арттырады – ғалымдар

Коронавирус қант диабетіне шалдығу қаупін арттырады – ғалымдар

Коронавирус жұқтырған азаматтарда бірнеше апта ішінде қант диабетіне шалдығу қаупі артады. Әсіресе, 18 жасқа толмаған балаларда. АҚШ пен тағы бірнеше елде жүргізілген зерттеу жұмыстарынан ғалымдар осындай қорытынды шығарды.

Мамандардың айтуынша, індеттің алғашқы айларында Қытай, Италия мен Америкада коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған әрбір жетінші азаматқа қант диабеті деген диагноз қойылыпты. Ал АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтары келтірген соңғы деректерге сәйкес, коронавирус жұқтырған балаларда алғашқы айда қант диабетіне шалдығу қаупі 2 жарым есе жоғары болады екен.