Екпе алған зейнеткерлер үшін қаржылай көмек қарастырылды

Екпе алған зейнеткерлер үшін қаржылай көмек қарастырылды

Болгарияда коронавирусқа қарсы екпе салдырған зейнеткерлерге арналған қаржылай көмек бағдарламасы іске қосылды.

1 ақпаннан бастап олардың зейнетақысына 50 доллар қосылады. Айта кетерлігі – бұл бір реттік төлем. Одан бөлек, екпе қабылдаған кейбір зейнеткерлер үшін коммуналдық қызмет ақысына жеңілдік мөлшері ұлғаяды. Билік тиісті бастама қарт кісілердің әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өзгелерді вакцина салдыруға ынталандыруға бағытталғанын айтады. Ал ел астанасы София басшылығы екпе қабылдаған барлық қала тұрғындарына қосымша жеңілдіктер жасау жағын қарастырып жатыр.