Ыстамбұлдықтар Израиль президентінің Түркияға сапарына қарсы

Ыстамбұлдықтар Израиль президентінің Түркияға сапарына қарсы

Ыстамбұлда жүздеген адам Израиль консульдығының алдына жиналып, шеру өткізді. Шараға қатысушылар Израиль президенті Ицхак Герцогтің сапарына наразылық танытуда.

Шерушілер президент Режеп Тайып Ердоғаннан Израиль басшысын шақырудан бас тартуды талап етті. Сапар осы айдың бірінші жартысына жоспарланған. Тараптар кездесу екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін берер деген үмітте.

Айта кетейік, Ицхак Герцог Израильдің бұрынғы премьер-министрі Шимон Перестен кейін Түркияға сапар шеккелі тұрған жоғары лауазымды тұлға болғалы тұр. Өткен жексенбі күні Израиль президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарлап қайтқан болатын.