Эквадорда лай көшкінінен қаза тапқандардың саны өсті 

Эквадорда лай көшкінінен қаза тапқандардың саны өсті 

Эквадордың Кито қаласында лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 22-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 47 адам жарақат алған. Құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр. Мамандар лай басқан тұрғын үйлер мен көшелерде жоғалғандарды іздестіруде. Апаттан зардап шеккен отбасыларға уақытша баспана ашылды. Жергілікті билік көшкіннің қайталану қаупі бар екенін ескертеді. Естеріңізге салайық, Эквадордың бірнеше ауданында 20 жылда болмаған су тасқынынан аймақтағы өзендер арнасынан тасып кеткен. Салдарынан лай көшкін аймақтағы инфрақұрылымның тас талқаны шықты.

Хорхе Вера, жергілікті тұрғын:

– Туннельге кіргенім сол еді көшкіннің басталғанын байқадым. Лай маңайдағының бәрін шайып кетті. Ағынның күштілігі сонша, лебінің өзі үйдің қабырғасына апарып соқты. Ол да қирады. Абырой болғанда бағанаға жармасып, жаным қалды.