Қытай инженерлері әскерилерге көмектесетін ең үлкен роботты жасап шығарды

Қытайлық инженерлер салмағы 160 келіге дейінгі жүктерді шамамен 10 км/сағ жылдамдықпен көтере алатын әлемдегі ең үлкен бионикалық роботты жасап шығарды. Алдағы уақытта ол шалғай аудандарда қызмет ететін сарбаздардың құрал-жабдықтарын алып жүрмек, деп хабарлайды «Хабар 24» golos.ua сілтеме жасап.

Бегемот өлшеміндегі роботтың тік жарларды оңай еңсеріп, шөлді аралап жүргені туралы ролик жарияланды. Ол әскери қызметке қабылданған кезде қарапайым армия машиналары қол жеткізе алмайтын ең қиын жұмысты атқара алатыны сөзсіз.

Робот алға, артқа және қиғаш қозғалып, тіпті секіре алады. Оның негізгі жұмысы – басқа техникалар қауқарсыз таулы және шөлді аймақтарға оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізу. Сондай-ақ баяндамада барлау миссияларын орындау үшін оның жауынгерлік нұсқасы жасалатындығы айтылған.