Бейжің-2022: Олимпиада нышандары бар кәдесыйлар үлкен сұранысқа ие

Бейжің-2022: Олимпиада нышандары бар кәдесыйлар үлкен сұранысқа ие

Қысқы Олимпиада өтіп жатқан Қытай астанасында кәдесыйлар сататын дүкендерде ұзын-сонар кезек қалыптасты.

Қазір ойындар нышандары, мүсіндер мен мамық ойыншықтар жоғары сұранысқа ие. Коронавирус жұқтыру деңгейі артып кетпеуі үшін тұтынушыларға арақашықтық сақтау туралы жиі ескертіліп жатыр. Дүкендер алдында қызметкерлер кезекшілікте жүр. Сатылымға Олимпиада үшін арнайы жасалған маркалар да шығарылды.

– Таңғы 8-ден осында жүрміз. Адам өте көп. Кезекте түске дейін тұрдық.

– Кәдесыйлар алайын деп келген едім. Бірақ дүкенге кіре алмай, далада бірнеше сағат тұрдым. Алатын затыма әрең қол жеткіздім.