Австралия шетелдік туристер үшін шекарасын ашады

Австралия шетелдік туристер үшін шекарасын ашады

Австралия ақпанның 21-і шетелдік туристер үшін шекарасын ашады.

Үкімет басшысы Скотт Морисонның айтуынша, меймандар елге кірер бұрын толық егілуі тиіс. Жеңілдіктерге қарамастан, карантиндік талаптарға сай барлық штаттарда санитарлық ережелер қатаң сақталатын болады.

Естеріңізге салайық, Австралия шекарасы 2020 жылдың наурызында жабылған еді. Пандемияның салдарынан өзге елде жүрген австралиялықтарға еліне оралу үшін рұқсат алу қиынға соққан. Осы уақытқа дейін аймаққа тек толық вакцина қабылаған осы елдің азаматтары мен олардың жақын туыстары ғана кіре алатын. Енді бұл мүмкіндік туристерге де беріліп отыр.