АҚШ-та коронавирустың беті қайтты

АҚШ-та коронавирустың беті қайтты
BBC

АҚШ-тағы эпидахуалдың беті бері қарай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен аптадағы көрсеткішке сүйенсек, ауырғандар саны 60 процентке, ал ауруханаға түскендер саны 30 процентке төмендеген дейді елдің денсаулық сақтау саласының мамандары. Әсіресе қатерлі індеттің эпицентрі саналған үлкен мегаполистердегі ахуалдың біршама жақсаруы көңілді көншітеді дейді олар. Johns Hopkins-тің мәлімет бойынша тәулігіне індетті жұқтырған америкалықтардың саны 290 мыңға дейін түскен. Түскен дейтініміз, бірнеше апта бұрын бұл көрсеткіш 800 мыңнан асқан еді. Эпидахуалдың жақсаруына ковид екпесінің қолжетімді болып, жаппай вакциналу науқанының қарқын алуы әсер етуде. Осы орайда Делавэр, Пенсильвания және Нью-Джерси штаттарының губернаторлары мектептегі масқа тағу ережесін алып тастауды жөн көрдік дейді.

Фил Мерфи, Нью-Джерси штатының губернаторы:

- Оқу орындарында маска тағу тәртібін алып тастауға бірнеше фактор түрткі болды. Біріншіден, біздің штатымызда ковидті жұқтыру дерегі едәуір азайды. Екіншіден вакциналау да қарқынды жүріп жатыр. Оның үстіне аладғы күндері 5 жасқа дейінгі балалар да екпе ала бастайды. Дегенмен ковидті жеңдік деп айтуға әлі ерте.