Грекия халқын қымбатшылық қысты

Грекия халқын қымбатшылық қысты

Грекияда азық-түлік бағасы аспандап тұр. Дүкен жағалаған жұртшылық осылай деп дабыл қағуда.

Әсіресе күнделікті тұтынатын өнімдер қымбаттаған. Қаңтар айында кей тауардың бағасы 50 процентке дейін өскен. Бұдан бөлек елде энергия бағасы да шарықтап тұр. Былтыр қыркүйектен бері үкімет шаруашылықтар мен кәсіпорындардың электр қуаты мен газ шығындарын субсидиялауға  2 миллиард еуро жұмсаған.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Грекиядағы инфляция соңғы 11 жылда болмаған деңгейге жетті.