Грекия фермерлері электр қуатының қымбаттауына наразы

Грекия фермерлері электр қуатының қымбаттауына наразы

Грекияда фермерлер электр энергиясының қымбаттауына қарсы наразылық шеруге шықты. Акцияға қатысушылар Лариса қаласы маңындағы тас жолды жауып, құтымен әкелген сүттерді төкті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фермерлер электр қуатының бағасын қайта қарауды талап етіп жатыр. Сонымен қатар жанар-жағармайға салықты төмендетуді сұрап отыр. Егер үкімет талапқа құлақ аспаса, елдегі барлық магистральдарды жабатынын айтады. Ал билік болса, электр энергиясы бағасының өсуі мұнай мен газ импортына байланысты деп отыр.

Астериос Цикрицис, Тирнавос фермерлер одағының президенті:

– Қазір шығындарымыз артып, жағдайымыз қиындады. Бағаның қымбаттауы фермерлерге ауыр тиейін деп тұр. Мысалы, біздің елде дизельдің литрі 1 еуро 60 цент тұрса, өзге елдерде 70 цент қана. Сондықтан үкіметтен мәселені қайта қарауды сұраймыз.