Францияда тұрғын үйдегі жарылыстан 7 адам қаза тапты

Францияда тұрғын үйдегі жарылыстан 7 адам қаза тапты

Францияның оңтүстігінде Сен-Лоран-де-ла-Саланк қаласындағы көп қабатты тұрғын үйде жойқын жарылыс болды.

Оқиғадан 7 адам қаза тапты. Тағы оннан астам тұрғын түрлі жарақат алған. Олардың арасында 2 бала бар. Ассоушиейтид пресс ақпарат агенттігі бір адамның із түзсіз жоғалғанын хабарлайды. Құтқару-іздестіру жұмыстарына ғимараттың қирау қаупі кедергі болған. Жарылыстан кейін тұрғын үй қызыл жалынға оранды. Мамандар 26 адамды эвакуациялап үлгірді. Болжам бойынша қайғылы оқиғаға бірінші қабаттағы тұрмыстық газдың жарылуы себеп болған.

Седрик, куәгер:

- Түнгі сағат бірден аса жарылыстың дыбысын естідік. Жер сілкініп жатқан шығар деп ойладым. Кейін адамдардың көмекке шақырып жатқанын байқап, шұғыл оқиға орнына келдік.