Сауд Арабиясы шөл даланы көгалдандыруды қолға алды

Сауд Арабиясы шөл даланы көгалдандыру жобасын қолға алды. Яғни ел үкіметі алдағы 10 жылда құмды аймаққа 10 миллиард түп сексеуіл отырғызбақ.

Осылайша билік өкілдері ауаның ластануымен күресіп ғана қоймай, көміртек шығарындыларын да азайтуды көздейді. Бұдан бөлек басқа араб мемлекеттерімен бірлесе отырып, Таяу Шығыста қосымша 40 миллиард түп сексеуіл отырғызу жоспары да бар.