Бейжіңдегі Олимпиадаға аяз кедергі келтіріп тұр

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына аяз кедергі келтіріп тұр.

Салдарынан шараны ұйымдастырушылар әдетте күн батқаннан кейін өткізілетін биатлон кросс-кантри және шаңғыдан секіру ойындарының кестесіне өзгертулер енгізуге мәжбүр. Ауа райының қолайсыздығынан Халықаралық биатлон одағы сайыстарды күндіз өткізуді шешті. Мысалы, аяздан сақтану үшін ерлер арасында биатлон жарысы екі жарым сағатқа ерте өтті. Ал Янцинде желдің күшеюінен әйелдер арасында таудан шаңғымен төмен сырғанау жарты сағатқа кеш басталды. Шаңғы ойындары өткізілетін Чжанцзякоу өңірінде ауа температурасы жуық арада минус 15 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.