Германияға «Иления» дауылы соқты

Германияға «Иления» дауылы соқты

Германияның солтүстігі мен батысына «Иления» дауылы соғып, кей аймақтарда темір жол қозғалысы тұралап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиырмадан астам әуе рейсі кейінге шегерілді. 152 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел жолындағы талдар мен электр бағаналарын құлатып, үйлердің шатырларын ұшырған. Бірақ жапа шекккендер туралы ақпар жоқ. Қазір өңірлерде табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр. Ауа райын болжаушылар дүлей желдің екпіні бүгін басылатынын айтады. Алайда ертең британ аралдарынан тағы бір дауыл соғады деген болжам бар.