Өзбекстанда заңсыздықты реттеуге көмектескен халыққа сыйақы беріледі   

Өзбекстанда заңсыздықты реттеуге көмектескен халыққа сыйақы беріледі   

Елде салық саласындағы заңсыздықтарды болдырмауға қарапайым халық атсалысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мемлекетке түбіртек бермегендер туралы хабарлап, көлеңкелі экономикаға қарсы күш біріктірсе, сыйақы алады. Мөлшері кінәлі тұлға төлейтін айыппұлдың 20 процентіне тең болады. Елдегі сауда орындарында түбіртек бермейтіндер көп. Бизнес иелері тек қолма-қол ақшамен жұмыс істейді. Кассалық аппарат орнатуға құлықты емес. Енді билік халықты осындай амалмен ынталандыруға кірісті.

Сұхробжон Құдайқұлов, қалалық салық басқармасының аға инспекторы:

– Мәселен, түбіртек бермеген заңды тұлғаға қомақты айыппұл төлеуді міндеттеп, хабар берген азаматқа сол қаржының 5-тен 1 бөлігін сыйақы ретінде ұсынамыз. Осы мақсатта «Салық» мобильді қосымшасы әзірленді. Заңсыздық аңғарылған бойда сол жерге хабар жіберсе, салық органдары кәсіпкерлік нысанын тексеріп, жауапқа тартады.