Еуропа елдерінде «Юнис» дауылынан 16 адам көз жұмды

Еуропа елдерінде «Юнис» дауылынан 16 адам көз жұмды
Retrus

Қатты дауылдан Нидерландыда төрт, Польшада төрт, Ұлыбританияда үш, Германия мен Бельгияда екі, Ирландияда бір адам көз жұмды.

Жұма күні кей жерлерде жел сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан. Көп адамдар дауыл салдарынан болған автомобиль апаттарында жарақат алды. Францияның солтүстігінде жарақаттанған 30 оқиға тіркелді. Метеорологтардың пайымдауы бойынша «Юнис» дауылы соңғы отыз жылдағы Еуропадағы ең күшті табиғи апаттардың бірі болды. Миллиондаған үйлер уақытша жарықсыз қалды, көптеген аймақтарда пойыздар мен басқа да қоғамдық көліктер тоқтап, апат аймағындағы әуежайлар жүздеген рейстерді кейінге қалдырды.