Германия 42 млн тонна көмір сатып алады

Германия 42 млн тонна көмір сатып алады

Биыл Германия 42 млн тонна көмір сатып алады.

Coal Daily International басылымының редакторы Алекс Такре осындай пікірде. Былтыр немістер 39 млн тонна қатты отын тұтынғанын ескерсек, бұл тұжырым дәл келуі мүмкін. Сұраныстың артуына бірнеше себеп бар. Біріншіден, көмір көгілдір отынға қарағанда арзан. Екіншіден, бірқатар мемлекет атом энергетикасынан бас тартып отыр. Әрі Франциядағы атом электр станциялары жөндеу жұмыстарына жабылған.

Сарапшылардың пікірінше, Үндістанда да сұраныс артады. Бірақ онда өндіріс жанданып келеді. Мәселен, былтыр Үндістан 716 млн тонна қатты отын өндірген. Келер жылы бұл көрсеткішті 1,2 млрд тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Ал еліміз керісінше баламалы қуат көздерін дамытпақ. Сөйтіп, алдағы 40 жылда көмірден мүлде бас тартады. Бірақ бұл ақпарат  көмір өндірушілерді қуанта қойған жоқ.