Украина мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынасты үзу мәселесі қаралып жатыр

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен дипломатиялық қатынастарды үзуге қатысты мәлімдеме жасады.

Зеленский Киевте Эстония президенті Алар Кариспен өткен кездесуден кейінгі брифинг барысында былай деді: «Маған Сыртқы істер министрлігінен Украина мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды үзуі туралы сұрау келді. Баспасөз конференциясынан кейін мен бұл мәселені қарастырамын».

Зеленскийдің айтуынша, Донецк және Луганск Халық Республикаларын мойындау, Ресейдің Украинаға одан әрі агрессия танытуына заңды түрде негіз болады. Бірақ Украинаға соғыс қаупі төнсе, елде әскери жағдай енгізуге уәде берді. Десе де, Зеленский Ресеймен соғыс болмайтынына сенім білдірді.