Буркина-Фасода алтын кенішіндегі жарылыстан 60 адам қаза тапты

Буркина-Фасодағы алтын кенішінде ірі жарылыс болды. Салдарынан 60 адам опат болды. Ондаған азамат жарақат алды. 

Алдын ала мәлімет бойынша кен орыны маңында сақтаулы тұрған жарылғыш зат іске қосылған. Қазір оқиға орнында мамандар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейін, Буркина-Фасо алтын өндіру бойынша Африка елдері арасында алғашқы төрттікке кіреді. Бірақ алтын өндірушілер үнемі бұзақылар тарапынан жасалатын шабуылдарға тап болып жатады.