Австралияда алапат су тасқыны болды: қаза тапқандар бар

Австралияда алапат су тасқыны болды: қаза тапқандар бар

Австралияның Квинсленд штатында алапат су тасқыны болды. Салдарынан бір адам қаза тапты. Ондаған азамат із-түзсіз жоғалып кеткен.

Бұдан бөлек, тасқын су көптеген көлікті шайып әкеткен. Мамандардың айтуынша, кей аудандарда судың тереңдігі 1 жарым метрге жетеді. Осыған байланысты құтқарушылар шалғайдағы елді мекендерге қайықпен жетуге мәжбүр. Синоптиктердің болжамына сәйкес, аймақтағы ауа райы әлі де күрделене түседі. Яғни жаңбыр жауып, тағы су тасқыны қайталануы мүмкін.