Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынды

Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынды

Ресейге санкция салғандардың қатарында Жапония, Австралия мен Канада да бар.

Мәселен, Австралия өзін-өзін жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларындағы көлік, энергетика және телекоммуникация саласындағы компанияларға шектеу қойды. Ресей қауіпсіздік кеңесінің 8 мүшесіне бұдан былай ел аумағына кіруге және қаржылай операциялар жүргізуіне рұқсат жоқ. Ал канадалықтарға өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларымен қаржы операцияларын жүргізуге тыйым салынды. Аталған өңірлердің тәуелсіздігін мойындауды қолдаған ресейлік депутаттарға қатысты шектеулер де әзірленді.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

– Канада президент Путиннің Донецк пен Луганскті тәуелсіз мемлекет деп тануын айыптаймыз. Бұл Ресейдің халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысын бұзу және Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне қол сұғушылық. Мұндай әрекетке жол беруге болмайды.