Украина бойынша БҰҰ ҚК шұғыл отырысы басталды

Украина бойынша БҰҰ ҚК шұғыл отырысы басталды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы ушыққан жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізіп жатыр.

Бұл жиналыс Украинаның сыртқы істер министрінің өтініші бойынша кезектен тыс ұйымдастырылды. Бас хатшының орынбасары Розмари ДиКарло шиеленісті бейбіт шешуге және Ресей мен Украинаны диалогқа шақырды. Шұғыл отырыс Нью-Йорк уақыты бойынша 21:30-да басталды.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында ДХР мен ЛХР басшылары Денис Пушилин мен Леонид Пасечник Ресей президентінен Донбастағы Украина әскеріне қарсы соққы беруге көмектесуді сұраған болатын.