Д. Байден: Санкциялар толық әсер етуге уақыт керек

Украинадағы жағдай әлем елдерінің алаңдаушылығын тудыруда. Шиеленісті жағдайды шешудедегі басты саяси ойыншылардың бірі Америка Құрама Штаттары екендігін ескерсек, Ресейге қарсы жаңа санкциялардың қатаң болуы маңызды дейді сарапшылар.

Ақ үй басшысының жариялаған жаңа санкциялары нені көздейді және Ресей экономикасына қаншалықты әсер етеді. Бұл туралы осы елдегі тілшіміз Талғат Алманов жауап береді.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

– Санкциялардың толықтай әсер етуі үшін белгілі бір уақыт қажет және Владимир Путин мұның арты не болатынын өте жақсы біледі. Ресей президенті батыс елдерінің қаншалықты бірге екендігін көргісі келіп еді. Және біз, НАТО елдері, жұдырықтай жұмылып, бұрын-соңды болмаған ауызбіршілік қалыптастырдық. Сонымен қатар біз одақтас елдерге тиесілі жердің әр пұшпағын қорғаймыз.