Түркия Украинадан да, Ресейден де бас тартпайды

Түркия Украинадан да, Ресейден де бас тартпайды

Түркия халықаралық қоғамдастықтар алдындағы міндеттемелерін бұзбайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен Украинадан да, Ресейден де бас тартпайды. Осы себепті Анкара аймақтағы «бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жан-жақты дипломатиялық бастамаларды» жалғастырады. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше өткен министрлер кабинеті отырысында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Украинадағы дағдарыстың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін бұғаздардағы кемелердің қозғалысына қатысты Монтре конвенциясының өзіне берілген өкілеттігін түгел пайдаланады.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Түркия БҰҰ, НАТО мен Еуроодақ аясындағы міндеттерін қазірге дейін мінсіз орындады және алдағы уақытта да орындайтын болады. Ұлттық мүддемізге нұқсан келтірмейді, дегенмен аймақтық және жаһандық тепе-теңдікті назардан тыс қалдырмайтынына назар аударғым келеді. Сондықтан Украинадан да, Ресейден де бас тартпайтынымызды мәлімдеймін.