БҰҰ: алты күнде 835 мың адам Украинадан кеткен

Соңғы 6 күнде Украинадан 835 мың адам кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттары ұйымы мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір босқындар үшін негізгі бағыт Польша болып тұр.  Әл-Жазира телеарнасы украиналықтардың жартысынан астамы дәл осы елден пана іздейтінін мәлімдеді. Польша премьер-министрі Еурокеңес басшысымен бірге шекара маңындағы Корчова елді мекеніне барып, босқындармен жүздесті. Кездесу барысында Еуроодақ өкілі атыс-шабыстан қашқан азаматтарға адамгершілік таныту еуропалықтардың борышы екенін жеткізді.