Зеленский Путинді тікелей келіссөзге шақырды

Зеленский Путинді тікелей келіссөзге шақырды

Владимир Зеленский онлайн-конференция өткізіп, «Егер Украина Ресейдің соққысына төтеп бере алмаса, онда келесі кезекте Балтық елдері тұр» деп ескертті.

Ол Батыс елдерінен ресми Киевке әскери көмек беруді күшейтуді сұрады. Сондай-ақ Зеленский Путинді тікелей келіссөздер жүргізуге шақырды. Украина президенті «Бұл – соғысты тоқтатудың бірден бір жолы», – деді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Біз Ресейге шабуылдап жатқан жоқпыз, ондай ойымыз жоқ. Кремль қауіпсіздікке қатысты қандай кепілдік бере алады? Біз қазір НАТО-дамыз ба? Жоқ. Ядролық қаруымыз бар ма? Жоқ. Владимир Путин, бізден не керек саған? Жерімізден кет. Қазір кеткің келмесе, онда менімен бірге келіссөздер үстеліне отыр. Оған ашықпын. Бірақ Макронмен, Шольцпен кездескендей, 30 метр айдалада отырып жүрме. Мен сенің көршіңмін. Тістеп алмаймын. Сөйлесейік. Несіне қорқасың?