Ресей аумағында Facebook желісі бұғатталды

Ресейде әлеуметтік желілер және тәуелсіз БАҚ-пен күрес жалғасып жатыр.

Мәселен, жуырда Роскомнадзор Ресей аумағында Facebook пен Твиттер желілерін бұғаттады.

Глобалчек дерегіне сәйкес, Ютуб пен Инстаграмға да шектеу қойылуда.

Роскомнадзордың хабарламасына сенсек, мұндай шешімге аталған платформалардың ресейлік БАҚ пен ақпараттық ресурстарды кемсітуі себеп болған.

Айта кетейін, жуырда Мемлекеттік Дума Қарулы Күштер туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы заң қабылдаған болатын. Ал осының алдында Роскомнадзор бұқаралық ақпарат құралдарынан Украинадағы қақтығысты соғыс емес, арнайы операция деп атауды талап еткен еді. Осыған байланысты «Новая газета» редакциясы жуырда енді тыйым салынған материалдардың бәрін жойды. Бірақ басқа басылымдар жұмысын тоқтатты. Олардың арасында "Медуза" сайты, "Дождь" телеарнасы мен "Эхо Москвы" радиосы бар.