Бүгінгі Украина: қарулы қақтығыстың он екінші күні   

Украинадағы қарулы қақтығыстың басталғанына бүгін – 12 күн, деп хабарлайды «Хабар 24».

Харьков қаласында атыс әлі де тоқтаған жоқ.  Соңғы мәлімет бойынша бүгін түнде шаһардағы көпқабатты үйдің тас талқаны шыққан.

Болжам бойынша үйге зымыран түскен. Әуе шабуылдарынан сондай-ақ жергілікті университет, жатақхана мен өзге де ғимараттар қираған. Әзірге зардап шеккендер мен адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.  Мариуполь қаласында да жағдай қиын. Тұрғындар жарықсыз, сусыз отыр. Ал, Киевте жарияланған комендаттық сағат әлі де өз күшінде. 

Ресей тарапы Украинада тыныштық режимін жариялады. Бұл гуманитарлық дәліз. Яғни Киев, Мариуполь, Харьков пен Сумы қаласынан тұрғындардың шығып кетуіне жол ашылады. Режим Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түскі сағат 13,00-де басталды.  Бұл шара Франция президентінің өтініші бойынша жасалған. Ресейдің өзі де Херсон облысына 140 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізген. Аймақағы қауіпсіздік пен тәртіпті әскерилер күзетіп тұр.