Украинаға 1,4 млрд доллар көмек қаржы бөлінеді

Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі Украинаға 1 миллиард 400  миллион доллар бөлмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымның мәлімдеуінше, қаржы қарулы қақтығыстың экономикалық салдарын азайтуға бағытталады. Әскери қимылдар басталғалы Украинадан 2 миллионнан астам адам өзге елдерге бас сауғалаған. Елдегі инфрақұрылым қирап, бүлінген. Осыған байланысты Халықаралық валюта қоры қаражат Украинаның есеп балансының қажеттіліктерін өтеуге көмектесіп, қысқа мерзімде маңызды қолдау көрсететін болады деп отыр.