Италияда жанармай бағасы шарықтап кетті

Италияда жанармай бағасы шарықтап кетті

Жанармайдың қымбаттауы Италияда да сезіліп отыр. Бірнеше апта ішінде бензин құны 25 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағаның шарықтауынан тұрғындардың көбі жеке көліктерін пайдалана алмай отыр. Біразы қоғамдық көлікпен жүруге мәжбүр. Сарапшылар Украина мен Ресей арасында бейбіт келісім орнамайынша, баға тұрақталмайды дейді. Германия билігі секілді Италия басшылығы да Ресей мұнайынан толықтай бас тартуға асықпай отыр. Өйткені Аппенин түбегіндегі бұл мемлекетте газдың 40 проценті мен қара алтынның 13 проценті Ресейден импортталады.

Алессандро Ланца, энергетика саласындағы талдаушы:

– Украинадағы ахуалға байланысты бізде бағалар шарықтап, дағдарыс орнады. Қазір қиын кезеңді бастап кешіп жатырмыз.