Түрікменстанда президенттік сайлау басталды

Түрікменстанда президенттік сайлау басталды

Бүгін Түрікменстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент болуға елдің үш саяси партиясынан 9 адам үмітті. Додада жеңіске жету үшін үміткер сайлаушылар дауысының тең жартысына ие болуы керек. Ал жаңа басшыны ұлықтау рәсімі наурыздың 19-ына жоспарланған.

Айта кетейік, Түрікменстанда  президент 7 жыл мерзімге сайланады.