Грекияда инфляция деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

Грекияда инфляция деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

Елде инфляция деңгейі бойынша соңғы 26 жылда болмаған рекорд тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпан айында көрсеткіш 7,2 процентке жеткен. Статистика басқармасының мәліметі бойынша бұған табиғи газ бағасы мен электро энергияның 78 процентке дейін өсуі әсер еткен. Болжам бойынша мұндай жағдай Грекияда әлі жарты жыл жалғасады.