Үш миллионға жуық украиналық шетел асқан

Үш миллионға жуық украиналық шетел асқан
EADaily

Соғыс басталғалы Украинадан кеткен босқындардың саны 2 миллион 800 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 1274-і – мыңы шетелдік азаматтар. Халықаралық миграция жөніндегі ұйым осындай мәлімет таратты. Ақпарға қарағнда қазір украиналықтар ең көп тұрақтаған аумақ – Польша. Жақында осы елдің президенті Анджей Дуда мигранттарға көмек көрсету туралы заңға қол қойды. Оған сай 1 босқынға бір мәрте 300 злотый көмекқаржы беріледі. Чехия билігі де украиналық босқындарға жарты жыл бойы ай сайын 5 мың кроннан төлеу туралы шешім қабылдаған. Бұл үшін төзімділік визасын алу шарт. Словакияда босқын мәртебесін алған украиналықтарға да қаржылай қолдау бар.