Боливияда мұғалімдердің шеруі полициямен қақтығысқа ұласты

Боливияда мұғалімдердің шеруі полициямен қақтығысқа ұласты

Боливияда мұғалімдер тағы наразылық шеруіне шығып, полициямен қақтығысқа түсті. Тәртіп сақшылары шерушілерге көзді жасаурататын газ қолданып, күштеп таратты.

Бұл Боливиядағы мұғалімдердің соңғы екі аптада екінші мәрте шеруге шығуы. Оқу орындарының қызметкерлері биліктен жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр. Наразылық өткен аптада басталған еді. Бірақ алғашқы шеру де қазіргідей күштеп басылған.