Алексей Навальный 9 жылға сотталды

Мәскеу соты оппозиционер, «Жемқорлықпен күрес қорының» негізін қалаушы Алексей Навальныйды 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Саясаткер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Оның Қор жұмысына ақша жинау ісін алаяқтық деген және сотқа құрмет көрсетпеді деген айыптар тағылды. Навальныйға үкім шыққан соң оның адвокаттары да ұсталып, кейін босатылды. Amnesty International ұйымы сот үкімін «адам құқықтарын өрескел бұзу» деп бағалады.